Қазақстандықтарға коронавирусты анықтайтын тест сынақтарын тегін жасайды
Қазақстандықтар үшін коронавирус сынақтары тегін болады, деп мәлімдеді ақпарат министрі Дәурен Абаев Орталық Коммуникациялық қызмет орталығындағы брифингте, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, бүгінде біздің елімізде 60 мың сынақ тесті бар.
«Жақын арада тағы 150 мың сынаққа ие боламыз, тиісті келісім-шарттар жасалып жатыр, ал 100 мыңы демеушілер есебінен сатып алынады», - деді министр.
Белгілі болғандай, ұлттық сараптама орталығы Қытай Халық Республикасында шығарылған сынақ жүйелерін пайдаланады.
«Олар коронавирусты тиімді анықтай алады. Қытай тәжірибесі осыны көрсетті», - деді Абаев.
Айта кетейік, коронавирусқа жаппай тестілеуден өту - бұл адамдардың коронавирустан көз жұмуын алдын алудың ең тиімді әдісі.
"Пасханы да, Ораза айтты да бірге тойлаймыз": Қазақстандық ару көпұлтты отбасындағы татулық пен ерекше дәстүрлері туралы айтты
Наргиза: "Дін мен тілге бөлінбей барлық ұстанымдарға екіжақты құрмет көрсетеміз"
Алтынемел паркінде Сауд Арабиясының демеушілігімен ителгілер мен сұңқарлар ұшырылды
Маманның айтуынша, Қазақстандағы ителгі популяциясының жағдайы алаңдатарлық деңгейге жеткен