Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар мекенжайын 20 минутта тіркей алады

Электрондық үкімет порталында тұрғылықты мекенжай бойынша онлайн тіркелу рәсімі өзгерді. Енді онлайн-тіркеу үшін азаматтарға 20 минут жеткілікті. Бұл туралы«Азаматтарға арналған үкіметтің» баспасөз қызметі хабарлады.

Сондай-ақ ҚР Салық кодексіне де өзгерістер енгізілді. 2018 жылдың қаңтар айынан бастап тіркеу үшін мемлекеттік баж алынбайды.

Бұрын Электрондық үкімет порталы арқылы тіркелу үшін 10 % АЕК көлемінде мемлекеттік баж төленетін.

Енді жылжымайтын мүлік иесі және тіркелетін азамат egov.kz порталында тіркелгеннен кейін, тіркелуші өтініш беріп, оны меншік иесі өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) растауы тиіс. Өтініш берілгеннен кейін  деректер шамамен 10 минутта өңделеді, содан кейін тіркелген мекенжай бойынша  анықтама  алуға  тапсырыс беруге болады.

Бұл қызметке ЭЦҚ-сы бар кез келген азамат Қазақстанның барлық аймақтарында қол жеткізе алады.

Тағы оқыңыз:

Министр республикалық бюджетке енгізілген өзгерістермен таныстырды

Атырауда ата-енесі бес ұлы мен келінімен бір шаңырақ астында тұрып жатыр

Талдықорғанда туған анасын асқан қатыгездікпен өлтірген бозбала жат ағымның жетегінде кеткен болуы мүмкін

Желіде Мұхтар Шаханов жас келіншекпен көңілдес деген әңгіме тарады

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр