Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық жұлдыздар қазақ тілінде сөйлеуге жарыса шақыруда

Продюсер Тимур Балымбетов ерекше флешмоб бастады. «Сөйле, айналайын» атауымен тараған флешмоб тек қазақ тілінде сөйлеуге үндейді. Продюсердің ойын эстрада жұлдыздары іліп әкетті. Олар Instagram-дағы жеке парақшаларына видеоүндеу жариялап, қазақша сөйлеуге шақырды, – деп хабарлайды Stan.kz сайты.

Бүгінде жұлдыздар желідегі парақшаларына видеоүндеу жариялап, қазақ тілінде сөйлеуге жарыса шақыруда. Осылайша тіл жанашыры екенін танытқан жұлдыздар қатарынан Әділжан Омаров, ділназ Ахмадиева табылды.

Тимур Балымбетовтың аталған флешмобты бастауына әнші Әділжан омаровтың желідегі парақшасында жариялаған видеоүндеуі түрткі болған екен.

«Иә, мен – ұйғырмын. Бірақ мен – Қазақстан азаматымын. Осы жерде туып-өстім, білім алдым және жұмыс істеп жатырмын. Бұл – менің үйім. Сол үшін қазақ тілінде сөйлеуім керек, білуім керек. Сіздер де қазақша сөйлеңіздер. Мейлі акцентпен болсын, мейлі нашар болсын. Ең бастысы, ақырындап сөйлей беріңіздерші», – дейді Әділжан Омаров.

 

Ал сіздер қазақша сөйлей аласыздарма?😊👆🏻⬆️⬆️⬆️

Публикация от AdilJan (@adylzhanumarov)

Өнердегі әріптесінен қалыспаған Ділназ Ахмадиева да жеке парақшасында видеожазба жариялап, қазақ тілін қолдауға шақырды.

«Қазақстандықтар, «Сөйле, айналайын» флешмобын қолдауға және қазақ тілінде сөйлеуге шақырамын! Акцентпен болса да, одан ұялсақ та, тек қазақ тілінде сөйлейік. Бір тілді меңгеру тек тәжірибе арқылы мүмкін болады.  Және қазақ тілін енді үйреніп жүрген адамдарға түсіністікпен, сабырмен қарауларыңызды өтінемін. Бір-бірімізді қолдайық!» – деп жазады Ділназ Ахмадиева желідегі парақшасында.

 

Казахстанцы, приглашаю вас поддержать флешмоб #СойлеАйналайын и говорить на казахском языке, даже если с акцентом, даже если вы стесняетесь. Язык требует практики, без неё никак. И прошу с терпением и пониманием отнестись к тем, кто только начинает неуверенные шаги в казахском языке. Давайте друг друга поддерживать! Передаю эстафету #SoileAinalaiyn моим друзьям: @maltsagov_rinat @lido_kz @erik_tastembekov @ranosha_umarova

Публикация от Dilnaz Akhmadiyeva (@dilnaz_akhmadiyeva)

Өз кезегінде әншілердің желідегі оқырмандары аталған бастаманы қолдап, жылы лебіздерін білдірді. «Жарайсың! Алдағы уақытта қазақша таза сөйлейтініңе сенемін», «Қазақша жақсы сөйлейді екенсіз. Дұрыс, қазақ тілін қолдайық!» – деген пікір білдіріп жатты.

Оқи отырыңыз:

Қайрат Нұртастың жұбайы әншінің жаңа бейнебаянына түсті (фото, видео)

Мейрамбек Беспаев сахнадағы отыз жылдығын атап өткісі келмеген

Баян Есентаеваның күйеу жігіті концертте жүргізуші болатыны жөнінде пікір білдірді

Димаш әлемдік жұлдыздармен бірге қызыл кілем үстімен жүріп өтті (фото)

Талқылау