Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Қазақстандық жүргізушілерге көктайғақ болады деп ескертілуде
Ауа райының салдарынан болатын жолдардағы көктайғаққа байланысты ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті жүргізушілерді өте мұқият болуға және жол ережесін қатаң сақтауға шақырады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

«Құрметті жол пайдаланушылар! Синоптиктер алдағы күндері еліміздің кейбір өңірлерінде жолдарда мұздың қалыптасуына себеп болатын жауын-шашын мен қар жауады деген болжам жасауда.
Осыған байланысты көлік құралдарының жүргізушілері жолдарда, әсіресе балалар оқитын оқу орындарының маңында, қоғамдық көлік аялдамаларында, жаяу жүргіншілер өткелдерінде жылдамдықты, қашықтықты және жол ережесінің басқа да талаптарын қадағалап отыруы керек.
Ал жаяу жүргіншілер көшені кесіп өтетін кезде автокөліктің тоқтау қашықтығы дымқыл және тайғақ жолда өсетінін ескеруі керек », – делінген ҚР ІІМ-нің Әкімшілік полиция комитетінің Facebook-те жариянған хабараламасында.
Павлодарды "біздікі" деген ресейлік стример Fassoollka жауапқа тартыла ма? Заңгер түсіндірді
Ресейлік стример Fassoollka-ға мемлекет неге үнсіз және оны қандай жаза күтіп тұр?
Қазақстандық сызылған пауэрбанкіне байланысты ұшаққа отыру кезінде қиындыққа тап болды
Әуежай өкілі: "Құрылғының бұған дейін әуе көлігімен бірнеше рет тасымалдануы қауіпсіз екеніне кепілдік бермейді"