Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтарға жаңа қаржы нарығына бейімделуге қалай көмектесуге болады

Алматыда жаңа форматтағы банк бөлімшесінің ашылуында Home Credit Bank басқарма төрағасы Кирил Бачваров банкті дамыту жөніндегі жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Кирил Бачваров 2022 жылы бизнесті дамытудың сыртқы және ішкі жағдайлары айтарлықтай өзгеріске ұшырағанын атап өтті.

“Жыл басынан басталған өзгерістер "банк бедерін" толығымен өзгертті, күшті ресейлік ойыншылар нарықтан кетті, жеке екінші деңгейлі банктер арасында "Береке" атты мемлекеттік банк пайда болды. Сондай-ақ, қазақстандықтардың цифрлы сервистерге деген қажеттілігі артып келе жатқанын көріп отырмыз. Отандастарымыз жанұяларының әл-ауқатын жақсарту, арттыру мен қамтамасыз етуге арналған құралдарды іздеуге және таңдауға жіті назар аударып талғауға көшті. Қазақстандықтар өз қаражаттарын қалай дұрыс басқару керектігін жақсы түсінгісі келеді. Менің ойымша, бұл тұрғыда банктің рөлі тек карточкаларды, кредиттерді немесе депозиттерді ұсынумен шектелмей, оларды қалай дұрыс пайдалану қажеттігін үйренуге жағдай жасауы тиіс. Мұның бәрі бізді қазақстандықтарға жаңа қаржы нарығына бейімделуге қалай көмектесуге болатыны, өз жинақтарын тиімді басқаруға немесе несие құралдарына уақытылы жүгінуді және дәулетті болуды үйрету туралы ойға әкеледі. Бұған өзім сенемін және осы ойды 2023 жылы іске асырғым келеді", – деді ол. 

Банктің қандай өнімдері қазақстандықтардың ауқатын арттыруға мүмкіндік беретіні жайлы ойды жалғастыра отырып, банкир карточка ашылғаннан кейінгі алғашқы 90 күн 10% мөлшерінде және одан кейін 5% тиімді кешбэгі бар Home Card Lite дебет картасын мысалға келтірді. Ол Home Credit Bank биыл ҚДКБҚ бойынша ұсынылған мөлшерлеме өскеннен кейін депозиттер бойынша мөлшерлемелерді үш рет жоғарылатқанын және әр кезекте банктің тек жаңа клиенттері үшін ғана емес, бұрыннан келе жатқан клиенттерге де мөлшерлемелерді көтергенін еске салды.

Депозиттерден басқа, банк теңгемен 16% мөлшерлемесі бар депозиттік сертификатты немесе табыстылығы 4% долларлық облигацияларды ұсынады. Қаржыгердің айтуынша, бұл клиентке нарықта бар әдеттегі қызметтерден басқа сәл артық өнім ұсыну үшін жасалады. Тек өнім туралы ғана емес, ең алдымен, банк клиенттерімен нағыз серіктестік қарым-қатынасты орнатқысы келеді.

Кирил Бачваров банк басшылығына осы жылдың сәуір айында келді. Home Credit Bank-те 2008 жылдан бастап жұмыс істейді. Кирил Бачваровтың еңбек жолы бірегей, әрі шабыттандырады. Маркетинг саласынан қаржы бөлімін басқаруға ауысып, бірнеше жыл бойы қаржы директоры болды, кейін басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Ұйымның жаңа басшысының алғашқы жүз күні банкте орын алған түбегейлі өзгерістермен қатар келді: қазақстандық Home Credit Bank 2022 жылғы 25 мамырда акционерлердің ауысуы туралы жариялады – қаржы институтының акциялар пакетінің 75%-ын PPF халықаралық инвестициялық-қаржы корпорациясының топ-менеджменті сатып алды. Енді банк ресейлік "еншілес компания" емес –  шілде айында мемлекеттік қайта тіркеуден өтіп, бұрын қолданыста болған "Хоум Кредит энд Финанс Банк" АҚ Еншілес банкі" атауы "Home Credit Bank" АҚ болып өзгертілді.

"Қазақстандық Home Credit Bank акционерлерінің құрамында ресейлік банктің үлесін төмендету бойынша жұмысты жалғастыруда. Қаржы секторы 2022 жылы тап болған қаңтардағы оқиғаға, Украинадағы соғыс қимылдарының басталуына, санкцияларлармен байланысты жағдайға, арасында кейбір клиенттердің наразылығына қатысты Кирил Бачваров былай дейді: "Баршамыз қоржынымыздың жұқарғанын байқап отырмыз. Менің ойымша, банк секторының капиталдандыру мен өтімділігі жеткілікті деңгейде. Сондықтан макротурбуленциядан лайықты өтіп, клиенттерімізге қолдау білдіруге әлеуетіміз бар", – дейді банк басшысы.

Қаржы қызметтері нарығындағы басты тренд ретінде цифрландыру туралы айта келе, Home Credit Bank басшысы онлайн сату деңгейі және азаматтардың мобильді қаржы қосымшаларын қалай белсенді пайдалануы Home Credit Қазақстан тобының ерекше назарында екенін атап өтті.

"Банкир ретінде цифрлық технологияларды енгізу жылдамдығы, дамыған Govtech және мемлекеттің банктерге халыққа қажетті қызметтерді ұсынуға қолдау көрсетуі көңілімнен шығады деп айта аламын. Көптеген клиенттер біздің қызметтерімізді ұзақ уақыт бойы тек онлайн режимде пайдаланып келеді. Қазіргі уақытта банк қарыздардың жалпы көлемінің 40%-ын қашықтықтан берді. Келесі жылы біз бұл көрсеткішті соның ішінде мобильді қосымшаны дамыту арқылы 80%-ға дейін арттырамыз", – дейді Кирил Бачваров.

Қыркүйек айының соңында Home Credit Bank мобильді қосымшасы қазақстандық интернет-бизнес және мобильді коммерция қауымдастығының (ҚИБҚ) мобильді қосымшалардың тоғызыншы рейтингінде 3 орынға ие болып, өткен жылмен салыстырғанда осы рейтингте 3 сатыға көтерілді. Бүгін Банктің қосымшасын миллионнан астам қазақстандық пайдаланады және оған күн сайын 150 мың клиент кіреді.

Home Credit Bank басшысы сонымен қатар жақын арада қаржы институтының командасы айтарлықтай күшейтілетінін айтты. Клиентке бағытталған тәсілді дамыту үшін Home Credit Bank ұйымдық құрылымды өзгертіп, үрдістерді қайта қарастырады.

"Біздің топ-менеджерлер клиенттермен бөлімшелерде немесе байланыс орталығында менеджер ретінде тікелей байланысады. Банктің барлық қызметкерлері біздің өнімдерімізді пайдаланады, тұтынушылардың сын-ескертпелеріне жедел жауап беріп, оларды шешу үшін қызметкерлер өз ойларымен және клиенттік тәжірибелерімен басшылықпен және өнім иелерімен бөлісіп отырады. Осы тәжірибе бірнеше жыл жалғасып келеді. Бұл өте маңызды, өйткені барлық негізгі қызметкерлер клиенттердің нақты сұраныстарынан хабардар болуы керек, олар клиенттердің қажеттіліктерін біліп, олардың мәселелеріне терең үңілуі тиіс. Бұл тәжірибе белгілі бір өнімді дамыту кезінде команданың құзыретіне де әсер ететініне сенімдімін", – деп түйіндеді Кирил Бачваров.
Назархан Уән
Дүйсенбі, 10 Қазан, 2022 16:30