Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтардың жартысынан көбі басшы болғылары келеді

"Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы жұмыссыз қазақстандықтар арасында зерттеу жүргізген. Нәтижесінде халықтың жартысынан көбі басшы болғылары келетіні анықталған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Зерттеу Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларындағы мобильді жұмыспен қамту орталықтарына жүгінгендер арасында жүргізілді.

"Психологиялық консультациялар өткізіліп, мобильді жұмыспен қамту орталықтарына жүгінген адамдардың 58%-ы - әйелдер, олардың 5% -ы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары екенін көрсетті. Жұмыссыздардың шамамен 6% -ында депрессиялық көріністер бар. Бұл адамдар тобына жұмыс іздеу оңай емес. 56% -ы басшылық лауазымдарында жұмыс істегісі келеді, тек 14%-ы ғана физикалық еңбекке бейім, - деді Ұлттық палата төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев Мәжілістегі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің дөңгелек үстелі барысында.


"Көлігімді саттым, қарыз алдым": Жұмыссыз Мұрат Мұтырғанов Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінуге мәжбүр болған 


Қазақстандықтардың қалауына қарамастан, зерттеу нәтижесі бойынша еңбек нарығына әлі де жұмысшы кадрлар қажет екені анықталды. Колледж түлектері немесе еш жерде оқымаған, бірақ қандай да бір еңбек дағдылары бар адамдар қажет екенін көрсетті.

"Біз шамамен 25 мың бизнес субъектіден сауалнама жүргізіп, олардың жұмысшыларға қажеттілігін анықтадық. Тек 10,5 мыңында, бұл 41%, қажеттілік бар. Шамамен 79% кәсіп иесі бұл жұмысшы біліктілігі, - дейді ол.

Айтуынша, пандемия кезінде университеттерді бітірген жоғары оқу орындарының түлектері еңбек нарығындағы қиын жағдайға тап болды. Олардың жұмысқа орналасу деңгейі небәрі 71%-ды құрайды. Бұл төмен көрсеткіш, себебі өткен жылы бұл көрсеткіш 74%-ды құраған.

Талқылау