Қазақстандықтар Ресей мен Қырғызстанға өтуі үшін енді төлқұжат керек болады
Қазақстанда Ресей және Қырғызстан шекарасынан өтетін азаматтарға уақытша шектеу қойылды. Енді олардың көрші елдерге асулары үшін төлқұжат қажет болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан уақытша мемлекеттердің ішкі құжаттарын пайдалануға шектеу қойып отыр. Яғни енді қазақстандықтар - жеке куәлік, туу туралы куәлік, ресейліктер - РФ азаматының төлқұжаты, қырғызстандықтар - ID-картаны қолданып шекара аса алмайды.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда тіркелген коронавирусқа шалдыққан науқас жайлы айтылған еді.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды