Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда коронавирусты жұқтырған төртінші адам анықталды

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 4 адам болды. Ол азамат та Германиядан келген ұшақтың ішінде болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстан Ұлттық арнасының "Ашық алаң" бағдарламасына сілтеме жасап.

коронавирус

Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп мәлімдеді. 

"Дәл қазір жедел ақпарат келіп түсті, Қазақстандағы коронавирусты жұқтырған науқастардың саны төртке жетті. Төртінші науқас Германиядан ұшып келген. Ауруға шалдыққан 1976 жылғы ер азамат. Қазір ол станционарда ем алып жатыр", - деді Диас Ахметшәріп.

Еске салайық бұған дейін ауруды жұқтырған соңғы қазақстандықтың италияның Милан қаласынан оралған әйел екендігі айтылған еді. 

Талқылау