Қазақстандықтардың қашан маскасыз жүре алатыны белгілі болды
ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандықтар қашан маскасыз жүре алатыны туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Халық алдында есеп беру кезінде министр ұжымдық иммунитет қалыптасқаннан кейін маскасыз жүруге болатынын айтты.
"Әр азамат өзін қауіпсіз сезініп, ұжымдық иммунитет қалыптасуы үшін вакцина салдырғандардың саны ең кемі 60 пайыздан асуы керек. Осыдан кейін маска тағу режимінен шығу мүмкіндігі қарастырылады. Біздің азаматтар белсенді түрде вакцина салдырып, ұжымдық иммунитеттің қалыптасуына, өз жақын туыстарын қорғауға өз үлесін қосады деп үміттенеміз", - деді Цой.
Қазнетте маскадағы құрттар туралы жаңа хабарлама тарап жатыр
Алаяқтар қазақстандық әйелдің атынан банк картасын ашып, аударымдар жасаған: Енді оған қылмыстық іс қозғалуы мүмкін
Қазақстандық: "Жүйе мені 76 жастағы адам деп таныды"
"300 теңгеге дейін жетуі мүмкін": Қазақстанда жанармай бағасы неге қымбаттап жатыр
Жұртшылық: “Жанармай қымбаттаса, бәрі қымбаттайды деген сөз”