Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтардың депозитіне тиесілі өтемақы 20 наурызға дейін түседі

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры теңгедегі депозиттер бойынша өтемақы төлеуге арналған қаражат екінші деңгейлі банктерге түскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Проблемалық кредиттер қоры" АҚ мен "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ ақшаны банктерге аударды. Аударылған қаражаттың жалпы сомасы – 306,6 млрд теңге. Ал мемлекет тарапынан 10 пайыздық сыйлықақыны 2 млн 615 мың 772 адам алады.

"Өтемақы төлеу рәсімінің аяқталып келе жатқанын қуана хабарлаймыз. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 15 наурызда банктерден салымшылардың тізімін алып, оларды операторға жолдады. Жақын күндері банктер төлемдерді толық көлемде аяқтайды", – деді ҚДКБҚ төрағасының орынбасары Алмас Құдайбергенов.

Банктер екі жұмыс күні ішінде (2023 жылғы 20 наурызға дейін) тиесілі сыйлықақыны өтініш берген депозиторлардың шотына аударады.

Теңгелік депозиттер бойынша 10%-дық өтемақы қаржы министрлігі мен Ұлттық банктің қаражаты есебінен төленеді.

Банктер өтінімді бес ай бойы – 2022 жылғы қыркүйектен 2023 жылғы ақпанға дейін қабылдаған болатын.

Талқылау