Қазақстандықтар үшін салық жеңілдетеді
Мәжіліс депутаттары палатаның жалпы отырысында Қазақстандағы салық салу және инвестициялық ахуалды жақсартуға қатысты түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтер үшін оларды ұсыну мерзімдерін қысқарту, салық заңнамасы саласындағы жеке практикамен айналысатын жеке тұлғалардың қызметін тоқтату тәртібін жеңілдетуді электрондық форматқа көшіру ұсынылады.
"Салық есебін ұсыну жеңілдетілді, енді оны бір реттік парольді қолдану арқылы беруге болады", - деді Руслан Даленов.
Заң жобасына енгізілген түзетулер жеке тұлғаларға салынатын салық мөлшерін азайтады. Жеке тұлғалардың мүлік салығы мен жер салығын салық элементтерін өзгертпестен біріктіру ұсынылады екі салық бір төлеммен төленеді.
Салық төлеушілерге ыңғайлы болу үшін көлік салығын төлеу мерзімін ағымдағы жылдың 31-желтоқсанынан келесі жылдың 1- сәуіріне ауыстыру ұсынылады.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді