Қазақстандықтарды қажылыққа виза алып береміз деп алдаған деген күдікпен туристік фирманың басшысы ұсталды
ІІМ тергеу департаменті қажылық туризмін ұйымдастыру саласындағы алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тергеу-жедел іс-шаралардың нәтижелері бойынша Zam Zam Qazaqstan туристік компаниясының басшысы Сауд Арабиясына заңсыз қажылық ұйымдастырғаны үшін ұсталды. Олар қажылық үшін виза алып беретіндерін айтқан.
"Олар Сауд Арабиясы Корольдігінің мемлекеттік органының ресми сайтына ұқсас сайт құрған. Осылайша қажылық жасауға берілген виза заңды деп көрсеткісі келген", – деп хабарлады ІІМ.
22 қарашада күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін