Қалың қар мен аяз: Елімізде алдағы күндері ауа райы қандай болады
Синоптиктер қазақстандарды 13-15 қаңтар аралығында қандай ауа райы болжамы күтіп тұрғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Метеорологтар мәліметінше, елде қалың қар жауады.
"Бүгінде Ресейдің еуропалық бөлігінде айналып жүрген циклон демалыс күндері Сібірге кетер жолда Қазақстан аумағының көп бөлігін басып өтеді. Осыған байланысты республиканың басым бөлігінде дерлік боран соңы аязға ауысады", – деп жазылған хабарламада.
Мамандар ауа температурасы республиканың батысында, солтүстігінде және орталығында 25-30 градус, шығысында 15-20 градус, оңтүстігінде 5-15 градус аязға дейін төмендейтінін ескертеді.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған