Қазақстандықтар Мальдив аралдарына ұша алмайды
Қазақстаннан Малеге дейінгі рейстер уақытша тоқтатылады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Forbes.kz сайтына сілтеме жасап.
Air Astana әуекомпаниясы 28 наурыз, 1 және 2 сәуірде Мальдив аралдарына соңғы рейстерін жасап жатқанын мәлімдеді. Nomad Club пайдаланушылары бұл туралы хабарлама алды.
"Мальдив аралдары – Air Astana-ның маусымдық бағыты. Маледегі рейстер сәуір айынан бастап көктемгі-жазғы кезеңге тоқтатылады", – деп хабарлады Air Astana баспасөз хатшысы.
2023 жылы Air Astana аптасына үш-бес рет Мальдив аралдарына ұшты.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”