Қазақстандықтар Жаңа жыл мейрамына қанша ақша жұмсамақ?
Отбасылық мерекенің нышанына айналған Жаңа жылға да аз уақыт қалды. Қазақстандықтар бұл мейрамға қанша ақша жұмсауды жоспарлап отыр? Егер отбасылық дастархан мен сыйлықтарға, басқа да қажеттіліктерге ақша жетпей жатса не істеу керек? Бұл туралы біз "ВТБ Банктің (Қазақстан) Бизнес кеңестері" айдарында айтып бермекпіз.
Жаңа жыл таяған сайын әрбір қазақстандықтың ойына "Жақыныма не сыйлауға болады және оған қанша қаражат жұмсай аламын?" деген сұрақ келетіні белгілі. Осыған орай Stan.kz редакциясының сауалнама жүргізіп, отандастарымыз мерекеге орай қанша теңгеге шығындалатынын анықтап көрген еді.
Мәселен, сауалнамаға қатысқандардың тең жартысы сыйлықтарға 10 мың мен 30 мың теңгеден көп ақша жұмсамайтынын жеткізген. Әдетте бұл бағаға косметикалық және әтір өнімдерін, үйге, ас үйге қажетті гаджеттер сатып алуға болады. Кейбіреулер бұл ақшаға туған-туыстарына киім, аяқкиім сынды қажетті дүниелерді сыйлауды құптайынын жазыпты.
Респонденттердің 15%-ы сыйлықтарға 30-60 мың теңге көлемінде қаражат арнауға дайын екендерін жеткізген. Бұл сомаға да бағалы парфюмерия, смартфондар мен сағат, сымсыз құлаққаптар сатып алуға болады екен.
Қатысушылардың тағы 7%-ы Жаңа жыл нағыз сыйлықтардың маусымы екенін алға тартып, жақындарының көңілін көтеру үшін 60 мың теңге мен 150 мың теңге аралығында сыйлық сатып алатындарын көрсеткен.
Сауалнама респонденттерінің ең жомарттары (8%-ы) Жаңа жылға ең бағалы сыйлықтар жасайтынын айтады. 150 мың теңгеден жоғары сомаға сыйлық сыйлаймын дегендер мейрам қарсаңында жақындарына тұрмыстық техника, ноутбук, теледидар сынды бағалы электронды құралдар, тіпті, шетелге саяхаттауға жолдама алып бермекші.
Бұған қоса, сауалнамаға қатысқандардың 20%-ы Жаңа жылға көп шығындану қажет емес екенін атап өтіп, сыйлыққа 10 мың теңге көлеміндегі зат іздейтінін айтыпты. Ең бастысы - көңіл дегендер туыстары мен достарына тәтті нан өнімдерін, ұялы телефонға арналған ұсақ-түйек заттар, қолғап және баскиім алып бермек.
Айта кетейік, Жаңа жылға кәдесый сыйлау соңғы жылдары қазақстандықтар арасында танымалдылығын жоғалтуда. "Көзге көрінбегендіктен", сондай-ақ, олардан келіп-кетер пайдасы да болмағандықтан кәдесыйға деген сұраныс азайған.
Жаңа жылдық көңіл-күйді көтеріп, мейрам кезінде жағымды әсер қалдыру үшін біреулер айтарлықтай шығындалып жатса, ендігілері көп ақша құрта бермейді екен. Дегенмен мереке қарсаңында кейбіреулердің сыйлық алуға қалтасы көтермей жатады. Осы тұрғыда жақындарының көңілін тауып, Жаңа жылды өз деңгейінде атап өту үшін қазақстандықтар ВТБ Банкінен (Қазақстан) несие рәсімдей алады.
Банкте кез келген мақсатқа 200 мыңнан - 5 миллион теңгеге дейін кепілсіз несие рәсімдеуге болады. Қарызды қайтару мерзімі бес жылға дейін жетеді. Несие алуға өтінішті Банктің сайтында қалдыруға болады.
Толық ақпаратты 5050 нөміріне хабарласып алуға болады. Ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін.
Жаңа жыл - жағымды жаңалықтар мен көтеріңкі көңіл-күйдің уақыты. Сол себепті жақындарыңызға сыйлық жасай отырып, сіз өзіңізге де жаңа жылдық әсер қалдыратыңызды ұмытпаған жөн.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
