Қазақстандықтар шетелден дәрі-дәрмек әкеле ала ма: Министрлік жауап берді
Қазақстандықтар басқа елдерден дәрі-дәрмектерді өз қажеттіліктері үшін ала алады. Бұл туралы онлайн брифингте денсаулық сақтау вице-министрі айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Атап айтқанда, вице-министр Ресей федерациясымен шекаралас аймақтарда тұратын қазақстандықтар дәрі-дәрмектерді осы елден өздері және жақындары үшін тиісті құжаттары болған жағдайда импорттай алады деп атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде заңнамада дәрі-дәрмектерді өз қажеттіліктері үшін әкелуге ешқандай шектеулер жоқ.
"Яғни, егер бұл дәрі-дәрмектің дозасы аз болса және жақын туыстары үшін тиісті құжаттар ұсынылса, импорттауға тыйым салынбайды", - деп түсіндірді Людмила Бюрабекова.
Естеріңізге сала кетейік, елімізде соңғы уақытта дәрі тапшылығы орын алып, дәріханаларда кейбір препараттар жоқ.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар