Қазақстандықтар өздерінің теріс несие тарихын түзей алады
2020 жылдың 30 наурызынан бастап қарыз алушылар өздерінің теріс несие тарихын түзетуге мүмкіндік алады. Кредиттік бюро 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар банк заемына немесе микрокредитке "қалпына келтірілді" мәртебесін беруі мүмкін.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басқармасы осы жылдың 22 наурызында осындай қаулы қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Fingramota сілтеме жасап.
Несиені келесі жағдайларда "қалпына келтіреді":
- кредит бойынша берешекті өтегеннен кейін 12 күнтізбелік ай өткен соң;
- егер қарыз алушы қайта құрылымдау немесе қайта қаржыландыру күніне дейінгі берешек сомасының 50%-нан астамын өтесе және соңғы 12 күнтізбелік ай ішінде кредитті қайта құрылымдау немесе қайта қаржыландыру күнінен кейін 30 күннен астам мерзімде кешіктіріп төлемесе;
- егер қарыз алушы 90 күннен астам мерзімі өткен берешекті өтегеннен кейін жыл ішінде 30 күнтізбелік күннен астам мерзімге кешіктіруге жол бермесе.
Содан кейін кредиттік бюро несиелік есепте кідіріс күндерінің санын нөлге тең етіп көрсетеді.
Төлемді кешіктіру несиелік есепте кредитті қайта құрылымдау немесе қайта қаржыландыру кезінде ғана көрсетіледі, ал несиені қайта құрылымдау немесе қайта қаржыландыру күнінен кейін пайда болатын кешіктіру күндерінің саны ғана көрсетіледі.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"