Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министрлік қазақстандықтар неге елімізде шығарылған дәрілердің сапасына сенбейтіні айтты

Онлайн брифинг барысында денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен  қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков "Халық неге отандық дәрілердің сапасына сенбейді" деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Нұрлыбек Асылбеков елімізде соңғы жылдары дәрі өндірісі әлдеқайда өскені туралы айтып берді. Ол қазақстанда дәрі өндірісі халықаралық стандарттарға сай екенін жеткізген.

"Қазақстанда дәрілік заттарды шығаратын 33 өндіріс орны бар. Сол өндірістің 17-сі қазіргі таңда халықаралық стандарттарға сертификат алған. Бұл стандарттармен дәрінің қауіпсіздігін, сапасын, тиімділігін қамтамасыз ете аламыз. Қазіргі өндіріс орындары жаңа модернизация өтіп жатыр. Қазіргі осы зауыттарда мамандар оқытылып жатыр, сол арқылы дәрінің сапасы мен тиімділігін көтеру жалғасып жатыр. Экспорттау бірнеше есе өсті. Егер бізде сапа болмаса, жкспортта ешкім алмайтын еді", - дейді Нұрлыбек Асылбеков. 

Ал халықтың шетелдік өнімдерге сенім артып, шетелдік дәрі-дәрмектерге жүгіретінін мнистрліктің ресми өкілі отандық дәрі сенімсіз деген қалыптасып қалған түсінік екенін айтты. Алайда,оның сөзінше, ұлттық өнімдердің сапасы әлдеқайда жақсы. 

"Дәрі-дәрмектер ашық нарықтағы тауар ретінде өзінің сапасын бәсекелестіктің арқасында көтереді. Менің ойымша отандық дәрілердің сапасы халықаралық стандарттарға сай. Ал шетелдік дәрілерге сұраныстың әлі де көп болуы халықnың арасында қалыптасып қалған қағида деп ойлаймын", - дейді Қожахметов. 

Талқылау