Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар шенеуніктердің құмар ойын ойнауына тыйым салуды талап етіп, петиция жариялады

Еpetition.kz ресми порталында шенеуніктердің құмар ойын ойнауына тыйым салуды талап еткен жаңа петиция пайда болды. Оған 536 адам қол қойған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Pixabay.com

Бастама авторы – "Әділдік жолы" республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұлов. Өтініш Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне жіберілді.

"Сыбайлас жемқорлық, ұрлық, қаржы жымқыру мәселелері шенеуніктердің құмар ойындарға қатысты пікірлерінің қалыпты екенін көрсетеді. Алайда, лудоман шенеуніктердің мәсклксі әлі шешілмей тұр. Мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік сала қызметкерлеріне, әскери қызметкерлерге, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі және басқа да күш құрылымдары қызметкерлеріне құмар ойындарға толық тыйым салынуы керек", –делінген петицияның сипаттамасында.



Сондай-ақ Смағұлов мұндай тыйым "сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға" мүмкіндік беретінін де атап өтті.

"Парламент мәжілісінде депутаттар мемлекеттік қызметкерлерге құмар ойындарға тыйым салу бойынша заң қабылданатынын хабарлады. Біз депутаттарды қолдадық. Күні кеше олардың бұл нормадан бас тартқысы келетіні туралы мәлімдегенде қатты таңғалдым", – деп жазды петиция авторы.

Артынша Смағұлов жұртшылыққа жария болған атышулы істерді еске түсірді.

Еске салсақ, БҚО-да есепші мекемеден қаржы жымқырып, ақшаны құмар ойынға салған.

Талқылау