Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар қанша ақшасын депозиттерде сақтайды

Банк жүйесіндегі депозиттер биылғы қыркүйек айының соңында 21,4 триллион теңгені құрады. Бұл туралы Ұлттық Банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджетке түзетулер енгізу мәселесі бойынша сенаттың жалпы отырысында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өзгерістер бір жылдан үш жылға дейінгі жинақ салымдарына әсер етеді

"Банк жүйесіндегі депозиттер осы жылдың қыркүйек айының соңында 21,4 триллион теңгені құрап, жыл басынан бері 12,4 пайызға ұлғайды. Теңгедегі салымдар 16,7 пайызға, 12,6 триллион теңгеге дейін, валюталық салымдар - 6,6 пайызға, 8,7 триллион теңгеге дейін өсті", - деді Баймағамбетов.      

Ол теңгелік активтерді қорғау жөніндегі жедел шаралардың нәтижесінде депозиттерді долларландыру 2020 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша 40,9 пайызға дейін (2020 жылғы наурызда 46,7 пайызға) төмендегенін атап өтті. 

"Экономикадағы кредиттер жыл басынан бері ұзақ мерзімді кредиттердің 4,5 пайызға немесе 529,2 миллиард теңгеге, 12,4 триллион теңгеге дейін өсуінің нәтижесінде осы жылғы қыркүйектің соңында 3,5 пайызға (немесе 480,6 миллиард теңгеге) 14,3 триллион теңгеге дейін ұлғайды. Қысқа мерзімді кредиттер 2,4 пайызға немесе 48,6 миллиард теңгеге екі триллион теңгеге дейін азайды. Біздің ойымызша, 2020 жылы депозиттер мен несиелер іскерлік белсенділіктің бәсеңдеуі аясында біршама артады", - деді Ақылжан Баймағамбетов.

Талқылау