Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар іші бос дәрі капсулаларына шағымданды: Компания өкілі жауап берді

Интернет желісінде тарап жатқан дәрілік препараттардың бос капсулаларына қатысты ақпарат шындыққа мүлдем сәйкес келмейді. Себебі, бауыр ауруына арналған капсулада дәрі ұнтағы болмайды. Бұл туралы Санофи компаниясының өкілі арнайы сұхбат берді. Журналистер компания өкілінің сөзі қаншалықты рас екенін анықтау мақсатында препаратты дәріханадан сатып алып, құрамын тексеріп көрді.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Бауыр ауруына арналған дәрі капсулаларының ішінде ештеңе жоқ, дәріханадан қомақты сомаға сатып алған дәрі түкке жарамайды" деген мазмұндағы бейнежазбалар интернет желісінде өріп жүр. 

"Интернет желісінде тарап жатқан роликте көрсетілген ақпарат шындыққа мүлде сәйкес келмейді. Бұл препараттың дәрілік құрамы паста тәріздес қоймалжыңнан тұратындықтан, капсуланы ашқан кезде ұнтағы төгілмейді. Ішінде препараттың бар-жоғын білу үшін, капсуланы қысса болды, құрамын көресіз. Естігеннен көрген жақсы. Өзіміз зерттеп көру үшін, бейнежазбада көрсетілген препаратты сатып алдық",- деді Sanofi компаниясының Орталық Азия аумағы бойынша қауіпсіздік жөніндегі директоры Денис Астанин.

Яғни капсуланың бос болып көрінуінің бір себебі осы болуы мүмкін. Дәрі капсуласының жоғары жағында ешқандай дәрі ұнтағы жоқ. Төменгі жағында да ұнтақ жоқ. Тек балға ұқсайтын мынадай қоймалжың препарат салынған.

Капсула расында да бос көрінгенімен, сыртқы қаптамасын қысқан кезде ғана ішіндегі паста тәріздес қоспасы шығады. Ал бұл препаратқа жауапты компания өкілдері, дәрі-дәрмек сатып аларда бірнеше қағиданы ескеру қажет екенін айтады. Біріншіден – дәрі дәрмекті тек дәріханалық желілерден сатып алу керек.Екіншіден, дәрі қорабындағы жазбалар мемлекеттік және орыс тілінде жазылады. Қорап ішіндегі қолдану нұсқаулығындағы жазба реті де осылай болуы міндетті. Төртіншіден, дәрі қорапшасында міндеттелген тәртіппен тіркеу нөмірі жазылуы тиіс.

Талқылау