Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар енді зейнетақысын басқа елдерде тұрып та ала алатын болды

Мемлекет басшысы «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Осыған дейін түсіндірілгендей, келісімнің негізгі мақсаттары:

  •  жұмысқа орналастырушы мемлекеттің азаматтары сияқты шарттарда және тәртіппен ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағында еңбекшілердің зейнетақы құқықтарын қалыптастыру, сақтау және іске асыру;
  •  еңбекшілердің зейнетақысын тағайындауға және экспорттауға байланысты мәселелерді шешу;
  • ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасындағы зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы ынтымақтастықты дамыту.

Келісім тұрғылықты мемлекеттің аумағында зейнетақы алу құқығын береді және тағайындалған зейнетақыны зейнеткерлер тұратын мемлекетке аударуды көздейді.

Келісімге сәйкес, ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекет өзінің аумағында жұмыс өтілі кезеңдеріне зейнетақы тағайындайды, сондай-ақ халықаралық шарттардың нормаларын ескере отырып, өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес зейнетақы алу құқығын анықтайды және оның мөлшерін есептейді. Келісім тұрғылықты мемлекеттің аумағында зейнетақы алу құқығын қамтамасыз етеді және тағайындалған зейнетақыны зейнеткерлердің тұрғылықты жеріне аударуды қарастырады.

Атап айтқанда, заң ЕАЭО елдеріндегі еңбек мигранттарын Қазақстанның бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жарна аударуға және зейнеткерлік жасқа жеткенде төлемдерді алуға мүмкіндік береді.

ЕАЭО-ға мүше елдерде әртүрлі зейнетақы жүйелері жұмыс істейді.

"Мысалы, Беларусь Республикасында жинақтау жүйесі жоқ. Қазақстан, Ресей, Армения жинақтау жүйесі әр түрлі. Сонымен қатар зейнетақы жүйесін қаржыландыру мен зейнетақы қорларын бөлу тәсілдерінің айырмашылығы бар. Зейнетақымен қамсыздандыру құқығы тек еңбек қызметімен айналысатын тірі азаматтарға ғана беріледі", - деп түсіндірді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.

Сонымен қатар, әрбір мемлекет өзінің заңнамасына сәйкес зейнетақы төлейтін болады. 

"Әрбір мемлекет өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес қаражат төлейтін болады. Демек, Қазақстанда және Қырғызстанда осы санаттағы азаматтар үшін зейнетақы жүйесіне міндетті зейнетақы жарналары төленбейді. Біздің тарапымыздан осы келісімді жүзеге асыратын уәкілетті орган Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры болып табылады. Келісімді мүше мемлекеттердің уәкілетті органы белгілейді, сондай-ақ өзара қатынастардың тәртібі бекітілді", - деп қосты Нұрымбетов.

Талқылау