Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстік Корея енді қазақстандықтарды заңды түрде жұмысқа қабылдай бастайды

Қазақстан Оңтүстік Кореяның Employment permit System жүйесіне қосылуы мүмкін, соның арқасында қазақстандықтар бұл елде заңды түрде жұмысқа тұра алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ашық дереккөз

Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның Еңбек министрліктерінің өкілдері онлайн-форматта келіссөздер жүргізді. Кездесуге Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ерсаев, халықаралық ынтымақтастық және интеграция департаментінің директоры Саадат Асансейітова және Корея Республикасы еңбек және жұмыспен қамту министрлігінің шетелдік жұмыс еңбегі жөніндегі басқармасы директорының орынбасары Мюнг Сунг Хон қатысты.

Онлайн-келіссөздер барысында Қазақстанды Оңтүстік Кореяның Employment permit System (EPS) жүйесіне қосу мәселесі талқыланды.

"Бұл қазақстандықтарға Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмысқа орналасуға, сондай-ақ оларға тең еңбек жағдайлары мен құқықтарды қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Асқарбек Ертаев кездесуге қатысушыларға EPS жүйесі шеңберінде кореялық дайындық орталығын ашу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабарлады.

Қазақстанда EPS орталығын ашу мүмкіндігін талқылай отырып, тараптар жемісті және сындарлы өзара іс-қимылға, сондай-ақ еңбек көші-қоны шеңберінде екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін білдірді.
 

Талқылау