Қазақстандықтар 9 наурызда демалады ма
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік қызмет департаменті директорының орынбасары Думан Әбілов осы жылдың 9 наурызында қазақстандықтар үшін қандай күн болатыны жайлы түсінік берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Сөзінше, қазіргі таңда ҚР үкімет басшысының кеңсесінде аталған сұрақ талқыға түсіп жатқан көрінеді.
«Өз тарапымнан мұның құқық қорғау және арнаулы органдар үшін ғана айтылуы мүмкін екендігін атап өте аламын. Бұл мемлекеттік қызметшілердің жекелеген санаттарына қатысты болуы ықтимал», - деді Думан Әбілов.
Сөзін қорытындылай келе қазақстандықтар 9 наурыз күні демалатындығын алға тартты.
«Мемлекеттік қызметшілер жұмыс істеуі үшін алдымен, мерекелер туралы заңға өзгертулер енгізу қажет», - деді департамент директорының орынбасары.
Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев мереке күндеріне қатысты тәртіпті қайта қарауды тапсырған еді.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды