Бас санитар дәрігер алдағы мерекелерді қалай тойлау керектігіне тоқталды
ҚР денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов Қазақстанда мереке күндері арнайы шектеу шаралары енгізілмейтінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қосымша шектеу шаралары енгізілмейді. Қазір енгізілген шектеу шаралары сақталады. Оған қоса, қызыл аймақтардағы шектеулер сол қалпында қалады", - дейді Қиясов.
Бас санитарлық дәрігер мереке күндері тексеру шаралары күшейтілетінін айтты. Сонымен қатар, Қиясов АҚШ-тағы жағдаймен бөлісті.
"16 желтоқсан мен жаңа жылдық мереке отбасында тойлануы керек. Мәселен АҚШ-та алғыс айту күнінен кейін вирус жұқтырғандардың саны өскен. Мен Қазақстандықтарды үйде отыруға, ешқайда шықпауға шақырамын. Көптеген адамдар мұндай хабарламаларға мән бергісі келмейді. Сондықтан мониторинг топтары қатал тексеру жүргізетін болады. Бірақта арнайы шектеулер болмайды", - дейді бас санитарлық дәрігер.
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты
Желі қолданушысы: "Бір ғана әйелмен ол қызықсыз. Басқасын да көргің келеді"
"Күніне 6 миллион 406 мың теңге табады": ТОП-10 қазақстандық шенеуніктердің бай әйелдері
Ерболат Досаевтың жұбайы Гүлнар Досаева Қазақстандағы люкс санатындағы компаниясының тең иесі