Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар 1 қыркүйекке дейін 42500 теңге алуға өтініш бере алады

Қазақстандықтар 1 қыркүйекке дейін 42500 теңге алуға өтініш бере алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Құжат тапсыру мерзімінің ұзартылғаны туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі айтып берді. Оның сөзінше, екі ай аралығында еркін өтініш беріп, қажетті өтемақыны алуға болады.

"Осы уақытқа дейін құжат тапсырып үлгеру керек деген талап болмайды. Бұл шілде айына төленетін төлем. Барлық порталдар бірінші қыркүйекке дейін ашық болады. Сол уақытқа дейін өтініш бере аласыздар", - дейді министр. 

Сонымен қатар, министр 42500 теңге алуға өтініш беруге болатын арнайы жүйелерді айтып өтті. Оған қоса, тек табысынан айырылған адамдар ғана өтініш берсін деп ерекше атап өтті ол. 

"Ал басқа азаматтар қалған жеке тұлғалардың барлығы осы порталдар және Telegram-бот арқылы бере алады. Ол штаб арқылы өтпейді, ол тікелей кетеді. Баршаңызға айтарым: 42 500-ге өтінішті тек егер жұмыстарыңыз тоқтап қалған болса ғана беру керек. Өткендегідей Telegram-ботта жазба болады. Оның мағынасы: осы карантинға қатысты күшейтілген шектеулердің салдарынан табысымнан айырылдым деп растайсыз және осы мәліметтің дұрыс, жалған емес екені туралы жауапкершілікті мойындап, белгілеп қоясыз", - деді Нұрымбетов.

Оған қоса, бірнеше рет өтініш берудің қажеті жоқ. Жүйеге тек бір рет қана тіркеліп, қажетті төлемді алуға болады. 

"Сіздерге үлкен өтініш, құрметті қазақстандықтар, бір ғана өтініш беру. Оны екі рет, үш рет, одан көп мәрте бермеуді сұраймыз және әр порталға бір-бір өтініштен тастамауды сұраймыз, оның қажеті жоқ. Бәрібір екінші өтінішіңіз өтпейді. Бірақ ол өз кезегінде, керісінше,  порталдарға салмақ салуы мүмкін және басқа азаматтардың өтініш беруіне кедергі келтіруі мүмкін. Сондықтан бір рет қана өтініш тастаңыздар, сіздерге хабарлама келеді "сіздің өтінішіңіз қабылданды" деп. Содан кейін ертесінен бастап enbek.kz өздеріңіздің статустарыңызды көріп отырасыз", - деп өтінді Біржан Нұрымбетов.

Талқылау