Қазақстандық жүзгіштер әлем кубогінде топ жарды
Әртістік жүзуден Қазақстан құрамасының спортшылары Францияда өткен әлем кубогінде топ жарып, үздіктер қатарынан көрінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Франция астанасы Парижде әртістік жүзуден әлем кубогінің екінші кезеңі өтті. Бұл бәсекеде Қазақстан командасы үш медаль жеңіп, үздіктер қатарынан көрінді. Аралас жұптық сында Наргиза Болатова мен Эдуард Ким топ жарып, техникалық бағдарлама бойынша үздік шықты. Ерлер арасындағы соло жаттығуында Виктор Друзин күміс жүлдені иеленсе, Қазақстан әйелдер құрамасы еркін бағдарламада қола медаль жеңіп алды.
Айта кетейік, Енді әртістік жүзуден Қазақстан құрамасы 31 мамырда басталатын әлем кубогінің үшінші кезеңіне дайындалады.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен

