Қазақстандық журналист Асхат Ниязов Астана сотында өзіне тағылған айыптан ақталып, жеңіп шықты
Қазақстандық журналист Асхат Ниязов Астана сотында өзіне тағылған айыптан ақталып, істе жеңіп шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото подкаст кадрларынан скринделген
Бұған дейін мәдениет және ақпарат министрлігі Асхат Ниязовқа қатысты басқа біреудің жалған жазбасын репост жасады деп айыптаған еді.
29 сәуірде сот процесі өтіп, онда ҚР ӘҚБтК-нің 456-бабы – "Жалған ақпаратты орналастыру, тарату" бойынша іс қаралды.
"Сот іс жүргізуді тоқтатты. Өйткені Ниязовтың іс-әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылық құрамы белгіленбеген. Қаулы заңды күшіне енген жоқ", – делінген сот хабарламасында.
Еске салсақ, Асхат Ниязовтың үстінен Protenge Telegram арнасының Азаттықтағы әріптестерін қолдап жазған басылым постын бөліскені үшін іс қозғалғаны мәлім болды. Басылым істің бастапқы дереккөз иесіне емес, Асхат Ниязовтың үстінен қозғалғанына таңғалысын білдіріп, әріптесіне қолдау көрсететінін жеткізді

Қоғам белсендісі Алматы көшелеріне төселген брусчатканың жеке қолға сатылып жатқанын әшкереледі: Алайда әкімдік олардың мұқтаж отбасыға берілгенін айтып отыр
