Қазақстандық жүргізуші жолдың жиі тазаланатынына шағымданды
Семей қаласының тұрғыны жол қызметкерлерінің жолды жиі тазалап, жүргізушілерге кедергі келтіретінін айтып шағымданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Семейлік тұрғын Семей-Қалбатау бағытындағы жолдың тым жиі тазалануына шағымданды. Тұрғынның айтуынша, қаладан шыға берісте жанар-жағармай құю бекеті бар. Ал күнделікті тазалау жүргізушілерге кедергі келтіреді.
"Жол бөлігін тазарту қыс мезгілінде жолға қар түсуі мүмкін қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі. Туындауы мүмкін қолайсыздықты түсінген "ҚазАвтоЖол" АҚ жұмыстарды қозғалыс аз кезде, мысалы түнде немесе таңғы уақытта атқарып жатыр", – делінген ведомство хабарламасында.
"ҚазАвтоЖол" республикалық маңызы бар жолды тазарту – барлық жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі үшін қажет шара екенін еске салды.
Бұған дейін желіде Астана тұрғынының жол бойындағы жұмысшыға шабуыл жасаған видеосы пайда болған еді.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"