Қазақстандық жасөспірімдер Иранда өткен теннис турнирінде жеңіске жетті
Қазақстандық жасөспірімдер Иранда өткен үлкен теннис турнирінде жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тегеранда 18 жасқа дейінгі ойыншылар арасында ITF Juniors j100 Tehran Optigen Pro Junior Championship сериясының турнирі аяқталды.
“Жекелей сында Ақтау теннис мектебінің тәрбиеленушісі Даниал Рахматуллаев жеңіске жетті, ол финалда ресейлік теннисші Дмитрий Бурцевті 6:3, 6:3 есебімен жеңді”, – делінген хабарламада.
Жартылай финалда Даниал Әмір Омархановпен кездесіп, оны 5:7, 6:3, 7:5 есебімен жеңген.
Қос разрядта Әмір Омарханов болгариялық Иван Найденовпен бірге 7:6, 6:3 есебімен титул үшін матчта өзбекстандық Имран Хайтбаев пен беларусьтік Даниил Ашенковты ұтты.
Алматыда бір айлық сәбидің басына төбеден біреу қаламсап лақтырған: Полиция тексеру бастады
Нұрахмет заттың нақты қай пәтерден лақтырылғанын анықтауды сұрап отыр
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген

