Қазақстандық жасөспірім елге алғаш рет фристайл-акробатика чемпионатынан алтын әкелді
Фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасының өкілі Дінмұхаммед Райымқұлов Алматыда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Olympic.kz
Дінмұхаммед Райымқұлов Алматыдағы фристайл-акробатика чемпионатында іріктеуде 97,11 ұпай жинап, ақтық алтылыққа шықты. Канадалық Эллиотт Борегард да іріктеуде дәл осындай ұпай жинады. Іріктеу кезеңі бойынша қытайлық Юхен Ян 101,79 ұпаймен көш бастады.
Финалда қазақстандық спортшы 104,52 ұпай алып, жеңіске жетті. Екінші орын 101,79 көрсеткішке ие қытайлық Юхен Янға бұйырды. Қола жүлдені 94,82 ұпай жинаған қытайлық Жичэн Ян еншіледі.
Айта кетейік, Қазақстан алғаш рет осы спорт түрінен әлем чемпионатында жеңіске жетті.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар

