Қазақстандық жас шахматшылар Азия чемпионатының жеңімпазы атанды
22 және 24 қазан аралығында қыздар арасында жылдам шахмат бойынша Азия чемпионаты өтті. Asian Youth Chess Championship-2021 турнирінде 8, 10, 12, 14, 16, 18 жас категориялары бойынша жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарысқа Қазақстан атынан 11 шахматшы қатысқан. Олардың төртеуі жарыста жүлделі орындарды иеленді.
ФИДЕ шебері Ксения Балабаева мен Елназ Қалиахмет 16 және 12 жасқа дейінгі категорияда Азия чемпионы атанды. Жеңімпаздарға Алтын сертификат табысталған.
12 жасқа дейінгі жас категориясында Нұрсұлу Оразалина күміс жүлдегер атанды. Ал 10 жасқа дейінгі жас категориясында Айуару Алтынбек екінші орынды жеңіп, Күміс сертификатпен марапатталды.
Айта кетейік, Үндістанда өткен шахмат суперлигасында Жансая Әбдімәлік жеңімпаз атанған болатын. Ол Pivotal Pawns командасының құрамында өнер көрсеткен еді.
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған
Қаскелеңде автобус қағып кеткен студенттің ісі жабылып қалған: Анасы қызының ауыр жарақат алғанын айтады
СДУ алдында автобус қызды қағып кеткен, алайда полиция істі көп ұзамай жауып тастаған