Қазақстандық жанкүйерлер Түркияда өткен футбол матчында төбелес шығарды (видео)
Анталияда алғаш рет Қазақстан суперкубогінің финалы өтті. Ойында шымкенттік "Ордабасы" мен қостанайлық "Тобыл" кездесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин
Спорттық шарада Түркияда тұратын отандастарымыз бен ойынға арнайы келген қазақстандық жанкүйерлер бас қосты. Екінші таймның ортасында трибунада басталған төбелес жанкүйерлердің бір-біріне орындық лақтыруына ұласқан.
Жаппай төбелеске жанкүйерлер тұрған сектордың бір-бірінен алшақ болмауы себеп болған деседі.
Ойын қорытындысы бойынша есеп 1:1 болып, матч тең аяқталды. Ал пенальтилер сериясының қорытындысы бойынша "Тобыл" 6:5 есебімен жеңіске жетті.
Бұған дейін "Барселонаның" бұрынғы футболшысы Дани Алвес қыз зорлағаны үшін 4 жарым жылға сотталғаны туралы жазған едік.
Мамандар шәйнектегі қақ пен су сапасының байланысын түсіндірді: Шөгінділерге алаңдамауға кеңес берілді
Тау өзендерінен алынған су тұтынушыларға жеткізілгенге дейін 10-15 сағат тазартудан өтеді
"27 рет көзіме шөп салып, бауыздамақ болды": Шымкенттік әйел бастан кешкен сұмдық оқиғасын айтты
Басын кесіп, көшеге тастамақ болған

