Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық вице-адмирал түрмеден босатылды

Қазақстанның экс-вице-адмиралы, әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Жандарбек Жанзақов колониядан босатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстан Республикасы әскери сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы бірінші сатыдағы сот шығарған жазаны Жандарбек Жанзақовқа ауыстырды. Енді бұрынғы вице-адмиралға колония орнына 4 жыл 4 ай бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

«Жанзақовқа он күн ішінде тіркеу үшін тұрғылықты жері бойынша пробация қызметіне келуге міндеттелсін. Оны дереу босатсын. Жанзақовтан 29 миллион 246 мың 631 теңгені өндіріп алынсын», - деді судья.

Еске салайық, Қазақстан әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Жандарбек Жанзақов алты жылға сотталды. Ол өкіметін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды.

Жоғары дәрежелі әскери қызметші Қарулы Күштерде, құқық қорғау органдарында және мемлекеттік қызметте өмір бойы қызмет ету құқығынан айырылды. Жанзақов «Вице-адмирал» әскери атағынан да айырылды. Бірінші сатыдағы сот сонымен бірге сотталушыны 42 миллион теңге көлемінде материалдық шығынды өтеуге міндеттеді.

Талқылау