Қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко Сицилия турында жеңіске жетті
Қазақстандық велошабандоз, Astana Qazaqstan Team командасының көшбасшысы Алексей Луценко 2023 жылғы Сицилия турында жеңіске жетті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол италялық жарыстың соңғы ең қиын тау кезеңінде жеңіске жетті. Осылайша қорытынды жалпы классификацияны жеңіп алды.
"Соңғы кезең жалпы есептегі жекпе-жек үшін шешуші болатынын түсіндік. Сондықтан мен дәл бүгінгі күнге бапталып , дайындалдым. Алдыңғы кезеңдерде көп бұрылыстармен финал өте қиын болды. Сондықтан финалдық кезеңде командамен бірге бәрін 100% жасауға тырыстық", - деді Алексей Луценко.
Astana Qazaqstan Team шабандозы жақын қарсыласынан 40 секундтық басымдықпен тамаша оқшаулаумен аяқталды. Бұл нәтиже Сицилия турында спортшының жалпы есепте жеңіске жетуіне жеткілікті болды.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған

