Қазақстандық тиктокерші қыз ресейлік Comedy Club бағдарламасында қонақ болды
TikTok әлеуметтік желісінде Хомяк лақап атымен танымал тиктокерші қыз Comedy Club ресейлік шоуында қонақ болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бойжеткен Мәскеуге келіп, онда ресейлік блогерлермен кездесті, ТНТ арнасындағы танымал шоудың қатысушысы болды. Шығарылым жақын арада эфирге шығады.
Comedy Club әзіл-сықақ шоуы кезінде тиктокерші қыз Павел Воля мен Гарик Харламовпен видео түсірген. Видео тоғыз миллионнан астам көрілім мен 1,5 миллион лайк жинаған.
Айта кетейік, алматылық 18 жастағы Алина Ким ТМД-дағы ең танымал тиктокерлердің біріне айналды. Бүгінгі таңда оның аудиториясы 29,9 миллионнан асып жығылған. Ол Даня Милохин, Дина Исаева, Айс дәуірі, Лиза Анохина, КАРНАВАЛ, Ольга Бузова, Карина Кросс сияқты ресейлік жұлдыздарды басып озған.
@homm9k @comedyclubru 💖💖💖🙈
♬ y did so many ppl use this - megan :)
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"