Қазақстандық теннисші ITF турнирінде чемпионы атанды
Қазақстандық жас теннисші Иранда өткен ITF Juniors турнирінің жеңімпазы атанды.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тегеранда (Иран) 18 жасқа дейінгі теннисшілер арасындағы ITF Juniors сериясының бірінші санаттағы беделді турнирі аяқталды. Қазақстандық спортшылар жеке және жұптық сында өнер көрсетті.
Жекелей сында Ақтау теннис мектебінің тәрбиеленушісі Данил Рахматуллаев жеңіске жетті. Ол финалдық кездесуде жарыстың бірінші ракеткасы ресейлік Дмитрий Бурцевті 6:3, 6:3 есебімен ұтып, сенсация жасады. Жартылай финалда Даниал жерлесі Әмір Омархановтан (5:7, 6:3, 7:5) басым түсті.
Бұған дейін жұптық сайыста Әмір Омарханов болгариялық Иван Найденовпен бірге чемпион атанған болатын.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар