Қазақстандық теннисші Италиядағы турнирдің алтын жүлдесіне таласады
Қазақстандық теннисші Анна Данилина Италияда өтіп жатқан челленджер турнирінің жұптық сайысында финалға шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Ресейлік Ирина Хромачёвамен жұптасқан Анна Данилина Италияда өтіп жатқан челленджер турнирінің алтын жүлдесіне таласады. Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген теннисшілер жартылай финалда чехиялық Мириам Колодзиэёва мен Анна Шишкова жұбымен кездесті. Қазақстандық-ресейлік жұп небәрі 19 минутқа созылған бірінші партияда бет қаратпай, 6:1 есебімен ұтты. Осыдан кейін чехиялық дуэт бәсекені жалғастырудан бас тартып, жеңіліске ұшырады. Анна Данилина – Ирина Хромачёва жұбының финалдағы қарсыластары әлі анықталған жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін Зарина Диястың Жапонияда өтіп жатқан ITF W75 турнирінің екінші кезеңінде алаңға шықпай қалғанын жазған едік.
Талқылау
“Сыйлықтар сыйлап, кемінде бір пәтер алғызатын адам”: Неліктен қазақстандық бойжеткендер тоқал болуға келіседі
Психолог: "Оны көбіне "махаббат" деп түсіндіріп ақталып жатады”
Заманбек Нұрқаділовтің қаза болғанына 20 жыл: Саясаткердің өзі мен өлімі туралы не белгілі
Нұрқаділовтің билікке сын айтуы жұрт үшін тосын жаңалық емес еді

