Зарина Дияс Жапониядағы турнирдің екінші айналымында алаңға шықпады
Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Жапонияда өтіп жатқан ITF W75 турнирінің екінші кезеңінде алаңға шықпады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жапонияда өтіп жатқан ITF W75 турнирінің алғашқы кезеңінде жеңіске жеткен Зарина Дияс екінші айналымдағы қарсыласына қарсы матчқа шықпай қалды. Жарақатына байланысты екі жылдық үзілістен кейін кортқа қайта оралған отандасымыз әлемнің 214-ракеткасы, таиландтық 21 жастағы Мананчэйа Савангкаевке қарсы ойнау керек еді. Бірақ белгісіз себептерге байланысты Зарина алаңға шықпай, жеңіс қарсыласына берілді.
Айта кетейік, әлемнің бұрынғы 31-ракеткасы иығынан алған жарақатқа байланысты ұзақ уақытқа спорттан қол үзіп, жарыстарға қатыса алмаған еді.
Азық-түлік жеткізетін Airba Fresh сервисі жабылды: Жұмыссыз қалған қызметкерлер енді өтемақы ала алмай жүр
Оның сөзінше, қызметкерлерден жұмыстан өз еркімен шығу туралы өтініш жазу талап етілген
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді
Алексей: "Cirque du Soleil-ге өтінім жіберіп, жауабын 4 жыл күттік"

