Қазақстандық теннисші Италиядағы турнирді жеңіспен бастады
Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Италияда өтіп жатқан "Челленджер" турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бенедеттода өткен 1/16 финалда Скатов жергілікті теннисші Маттиа Белуччиді үшінші сетте жеңді. Кездесу 2:2 есебіне жеткенде италиялық спортшы ойынды жалғастырудан бас тартқан. Алғашқы екі сет 6:4, 2:6 есебімен аяқталған. Матч 2 сағат 10 минутқа созылды.
Ойын кезінде отандасымыз тек бір рет екі еселенген қателік жіберді. Қатарынан 7 ұпай мен 4 геймді жеңді.
Тимофей Скатов АТР (Кәсіпқой теннисшілер ассоциациясы) рейтингінде жеке разряд бойынша 2016-орында тұр.
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда

