Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Australian Open жарысының ширек финалына шыға алмады
Үлкен теннистен Australian Open жарысының 1/8 финалында отандық теннисші америкалық Мэдисон Кизге есе жіберді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Brett Hemmings/Getty Images
Елена Рыбакина 1 сағат 50 минутқа созылған ойында 2:1 есебімен жеңілді. Алғашқы партияда 6:3 есебімен жеңілген қазақстандық спортшы келесі партияны 6:1 есебімен өз пайдасына шешті. Шешуші бәсекеде Мэдисон Киз тағы да 6:3 есебін тіркеп, ширек финалға жолдама алды.
Айта кетейік, Мэдисон Киз WTA рейтингінде 13-орында тұр. Ал Рыбакина 7-орында.
Australian Open – әлемдегі "Үлкен Дулыға" турнирлерінің санатына жататын ең беделді жарыстардың бірі. Елена Рыбакина осыған дейін 2022 жылы Уимблдон турнирін жеңіп алған еді.
"Жұмыстан шығаруға негіз емес": Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды

