Қазақстандық тенисші Рыбакина Уимблдон финалына өтіп, тарихта қалды
Қазақстанның бірінші ракеткасы 23 жастағы Елена Рыбакина Уимблдонның финалына өтті. Ол жекелей сында турнирдің бұл кезеңіне дейін өткен тұңғыш қазақстандық болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жартылай финалда WTA рейтингінде 23-орында тұрған Рыбакина аталған рейтингте 18-орында тұрған Румыния өкілі 30 жастағы Симона Халеппен кездесті.
Бірінші айналымда Рыбкина 6-3 есебімен жеңіске жетсе, екінші сетте де 6-3 деген көрсеткішпен басып озды. Осы уақыт ішінде ол бес эйс жасап, тоғыз брейк-пойнт жасап үлгерді.
Матч бір сағат 17 минутқа созылды. Уимблдон финалында Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы Онс Ябермен ойнайды. Кездесу 9 шілдеге жоспарланған.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған

