Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық тарихшылар "өркениеттер қақтығысы" болған жерді Жамбыл облысынан тапты

Қазақстандық тарихшылар Атлах шайқасы Тараздан шамамен 15 шақырым жерде болғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Тарихшылардың айтуынша, мұнда 751 жылы араб және қытай әскерлері соғысқан. Нәтижесінде қарлұқтардың қолдауымен арабтар жеңіске жеткен. Шайқастан кейін ислам өркениеті Орталық Азияда өз ықпалын белсенді түрде тарата бастады.

Тарихшы әрі зерттеуші Қуаныш Дәуренбектің айтуынша, бұл шайқастың тарих үшін маңызы зор. 



“Ғалымдардың айтуынша, осы шайқаста барлығы 45 мың адам қаза тапқан. Басқа деректер бойынша 20 мың қытай тұтқынға түскен. Қытай тарихшыларының бұл тарихи оқиғаға қатысты 24 жазбасы бар. Табылған жәдігерлердің барлығын мамандар тексеріп жатыр. Олар сол кезде қандай қарулар қолданылғанын, кімге тиесілі екенін және неден жасалғанын анықтайды”, – дейді тарихшы. 

Бұған дейін Бесағаш маңынан біздің дәуірімізге дейінгі 7 ғасырға тиесілі көне қару-жарақ қалдықтары – садақ, қылыш, жебе ұштары табылған еді.

Биыл Атлах шайқасы алаңын зерттеуге облыстық бюджеттен 25 миллион теңге бөлінбек. Археологиялық қазба жұмыстары 400 гектар аумақта жоспарланған.

Айта кетейік, бұған дейін Ресейлік тарихшы Михаил Смолин "Вездений" ток-шоуында 1917 жылғы революцияға дейін қазақтар да, өзбектер де ұлт ретінде болмағанын айтқан еді. 

Талқылау