Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық танымал бизнесменнің қызы коронавирус жұқтырып алды

Қазақстандық кәсіпкер Ельдар Әбдіразақовтың қызы коронавирус жұқтырды. Бұл жайлы кәсіпкердің өзі мәлемдеп, өзгелерге сабақ болатын жазбасын желіде жариялады. 

Қазақстандық танымал бизнесменнің қызы коронавирус жұқтырып алды

Кәсіпкер Ельдар Әбдіразақовтың қызы Дәмелі қазір емделу үстінде. Ауыр жайтты бастан өткерген кәсіпкер өзгелерге сабақ болатын дүние жазды.

"Сіздерге біздің отбасы күресіп жатқан жағдайды баяндағым келіп отыр. Біздің тәжірибеміз сіздердің жақындарыңызды, достарыңызды қорғауға септігін тигізіп қалар. Лондонда оқып жүрген қызымыз Дәмеліден коронавирус диагнозы анықталды. Бұл Қазақстанға келгенде белгілі болды. Біз бір апта бірге болып, кейін Отанымызға оралдық. Келе сала мінетті сынаманы тапсырдық. Сынама нәтижес бізді таңғалдырды. Вирус байқаусызда ағзаға еніп, ешқандай белгілері байқалмаған. Жөтел де, дене қызуы да болған жоқ. Тамағы да қызарған жоқ.

Ауру жасырын түрде енген. Жастар мен балалар ұл ауруға қарсы тұра алады, бірақ оның негізгі тасымалдаушысына айналады. Олардың ауруы байқаусызда өтеді. Вирус "ыңғайлы сәтті" күтіп, кей ауруды асқындырып, егде жастағыларды да ауруға душар еткізеді. 

Дәмеліні жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызды. Қазір мамандардың бақылауында. Ауру жұмсақ түрде. Басқа отбасы мүшелерінен ауру табылған жоқ. Шетелде таппаған ауруда елде тапты. Вирусты сынамалар ғана анықтайды. Ондай лаборатория әзірге шектеулі", - деп жазды кәсіпкер Facebook парақшасында.

Дәмелі Әбдіразақова 21 жаста. Оның әкесі Forbes рейтингіндегі ең ықпалды 50 кәсіпкердің қатарына кіреді.

Ельдар Әбдіразақов «Коммеск-Өмір» және «Сентрас Иншуранс» сақтандыру компаниялары, «Сентрас Секьюритиз» АҚ, «Сентрас Венчурлық Қор» АҚ, iLEX заңгерлік фирмасы, SOS Medical Assistance Medical Center, Сентрас Кредит микроқаржы ұйымына иелік етеді.

Осы жылдың наурыз айында ол мерзімі 2022 жылға дейін жалғасатын «ForteBank» АҚ директорлар кеңесіне сайланды.

«Атамекен» ҚР ҰЭП Төралқасының мүшесі, «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) директорлар Кеңесінің мүшесі, Қазақстан YPO қатысушысы, Қазақстандық өсу форумын ұйымдастырушылардың бірі және Қазақстан жастарына арналған ашық білім беру жобасының бастамашысы.

Талқылау