Қазақстандық танымал балуан допинг қабылдағаны үшін спорттан шеттетілді
Еркін күрестен Азия чемпионатының жеңімпазы Талғат Сырбаз допингпен ұсталып, спорттан шеттетілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: UWW
Еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрамасының шебері Талғат Сырбаз допинг дауына ілігіп, спорттан үш жылға шеттетілді. 2021 жылғы Азия чемпионының допинг сынамасынан спортшыларға қолдануға тыйым салынған дростанолон препараты табылған. Негізі 74 келіде белдесетін балуан Түркиядағы соңғы лицензиялық турнирге қатысуы керек болған. Алайда оның Қазақстан чемпионатынан кейінгі тапсырған сынамасынан допинг табылған. Енді ол 2027 жылдың сәуіріне дейін жарыстарға қатыса алмайды.
Айта кетейік, Талғат Сырбаз Атырау облысының атынан сынға түсетін балуан. Ол соңғы рет Азия чемпионатында өнер көрсетіп, қола жүлде үшін белдесуде ұтылып қалған еді.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған

