Қазақстандық танымал әнші Павлодар облысында көлік апатына ұшырады
Опера әншісі Мария Мудряк Павлодар облысындағы тас жол үстінде апатқа ұшырады. Әнші отбасымен бірге Павлодарға үйіне бара жатқан жолда көктайғақтың салдарынан көлігі екі рет аударылып апатқа тап болғанын, қуанышқа орай, аман қалғанын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Мен Қазақстандамын, кеше біздің екінші туған күніміз болды! Ең алдымен отбасымыздың атынан қиын сәтте бей-жай қалмай, көмекке келген барлық мейірімді және қамқор адамдарға рақмет айтқым келеді! Біз Павлодарға үйге бара жаттық және көктайғақтан көлігіміз екі рет аударылып, жыраға ұшып кетті. Құдайға шүкір, бәріміз аман қалдық", - деп жазды әнші.
Мас жүргізуші бір топ оқушыны қағып кетті: Куәгерлер Алматы облысында болған апат туралы айтып берді
Ол сонымен бірге өтіп бара жатқан барлық көліктер тоқтап, көмек бергенін айтады.
"15 адам бізді қардан шығаруға тырысты. Мен оларды білмеймін, бірақ мұндай қамқор адамдар болған кезде әлем өмір сүреді! Міне, қазақстандықтар осындай. Барлығыңызға рахмет", - деп жазды әнші.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"