Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық сумошы Жапония тарихын жаңартты

Қазақстандық сумошы Ерсін Балтағұл Жапониядағы Император кубогінда алғаш рет көшбасшы атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Дядя Ваня” телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Японская Ассоцияция сумо

Токиодағы “Кокугикан” сумо сарайында Жапония елінің элиталық дивизионында өтетін ең беделді ұлттық күрес турнирлерінің бірі аяқталуға жақын. Дәл осы бәсекеде ешкім күтпеген нәтиже тіркеліп отыр. Қазақстаннан шыққан Ерсін Балтағұл қаңтар айындағы басёның басты кейіпкері болды. Балуан Күншығыс елінде Кимбодзан Хируки лақап атымен танымал.

Қазір 9 айналым қорытындысы бойынша Балтағұл турнирлік кестенің көш басында. Кимбодзан Хируки – қаңтар айындағы басёда бірде-бір рет жеңілмеген жалғыз балуан. Ерсіннен кейін рейтингте моңғол сумошысы Тиесема, үшінші және төртінші орынға жапониялық Охо мен Такэруфудзи орналасқан. Император турнирі 26 қаңтарда аяқталады. Жарыс соңына дейін балуандар тағы 5 жекпе-жек өткізеді.

Кимбодзан Хируки – элиталық дивизионға қосылған алғашқы қазақстандық сумошы. Ерсін Алматы облысында дүниеге келген. Сумоға дейін ол дзюдо спортымен айналысқан.

Айта кетейік, сумоға шектеулі шетелдік балуандар қатысады. Грузин батыры Теймураз Джугели (Гагамару Масару) зейнетке шыққан соң, сол орынға қазақстандық балуан қабылданды.

Талқылау