Қазақстандық спортшы Хабиб Нұрмағамедовтың шәкіртімен чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Али Қабдулла атақты Хабиб Нұрмағамедовтің шәкіртімен чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: EFC
“Tobet Top Team” клубының спортшысы Али Қабдулла UAE Warriors тұжырымының чемпиондық белбеуі үшін жекпе-жекке шығады. Отандасымыз 27 шілде күні Абу-Даби қаласында өтетін UAE Warriors 51 турнирінде атақты Хабиб Нұрмағамедовтің шәкірті Амру Магомедовке қарсы жұдырықтасады. Жеңілістің дәмін татпаған дағыстандық спортшы өзінің жеңіл салмақтағы (70кг) чемпиондық белбеуін Алиге қарсы қорғайды. Али UAE Warriors тұжырымының чемпиондық белбеуі үшін жұдырықтасатын алғашқы қазақстандық спортшы атанбақ.
Айта кетейік, Али Қабдулла шаршы алаңда 12 жекпе-жек өткізіп, соның тоғызында жеңіске жетсе, екі рет ұтылып, бір рет тең түскен. Ал дағыстандық спортшы 7 жекпе-жектің барлығында жеңіске жеткен.
"Әкім ауысқан сайын ойына келгендерін істейді": Алматылықтар Төле би көшесіндегі эстакада салу жобасына қарсы шықты
Тағы бірі Алматыдағы кейбір жол құрылыстары кептелісті жеңілдетуден гөрі арттырады деп алаңдайды
"Ақыл-ойы кемістігін пайдаланып алдаған": Жамбыл облысында зорланып, жүкті болып қалған оқушының анасы 6 айдан бері әділдікке қол жеткізе алмай жүр
Жәбірленушінің анасы бір ғана адамның күдікті ретінде танылғанына наразы

