Қазақстандық спортшылар ескек есуден Олимпиадаға жолдама алды
Жапония астанасы Токиодағы каноэ мен байдаркада есу бойынша іріктеу турнирінде қазақстандық спортшылар Олимпиада жолдамасын жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Olympic.kz/ Сали Сабиров
Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров жұбы каноэмен 500 метрге жүзуден мәреге бірінші болып жетті.
Бұл сайыста тек бір квота ойнатылған екен. Финалда бәрін басып озған Емельянов пен Хайдаров 01:44.213 уақыт көрсеткішімен үздік деп танылды.
Осылайша олар Олимпиада лицензиясының иегері атанды.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар

