Қазақстандық спортшы Жапониядағы турнирде жергілікті спортшыны ауыр нокаутқа жіберді
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қаршыға Дауытбек Жапонияда өткен турнирде жергілікті спортшыны бір соққымен сұлатып салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Елімізге танымал ММА шебері, Қаршыға Дауытбек әлемнің ең үздік лигаларының бірі саналатын Rizin тұжырымында кезекті жекпе-жегін өткізіп, кезекті рет жарқын жеңіске жетті. Rizin 48 турнирінде өнер көрсеткен отандасымыз жергілікті спортшы Такеаки Киношитаға қарсы шығып, бірінші раундта-ақ ауыр нокаутқа жіберді. Осылайша Қаршыға Rizin тұжырымындағы екінші жекпе-жегінде тамаша жеңіске жетіп отыр. Қаршыға енді чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізуі мүмкін.
Айта кетейік, Қаршыға Дауытбек шаршы алаңдағы он бесінші жеңісіне қол жеткізіп отыр. Ол үш мәрте қарсыластарына есе жіберген еді. Қазір сегіз жекпе-жек қатарынан жеңіп келе жатыр.
"Киімдегі жалаңаш қыздар": Дене бітімін айқындайтын хиджаб үлгісі қазақстандықтардың сынына қалды
Имам: “Бұл қыздарды "дұрыс емес киініп жүрсің" деп кінәлауға болмайды”
Қазақстанда ерлі-зайыпты ажырасқанда ипотека мен қарыз қалай бөлінеді
Пәтер ипотеканы рәсімдеген адамның жеке меншігі болып саналады

